Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 15 тамыз күні Орал қалалық білім беру бөлімінің Эстетикалық бағыттағы гимназиясы базасында заманауи білім беру мен тәрбиенің негізгі үрдістерін талқылау, жаһандық білім беру трендтеріне сәйкес білім беру жүйесін дамыту бағыттарын анықтау, сондай-ақ өңірдің білім беру ұйымдары үшін жаңа оқу жылына арналған басымдықтар мен міндеттерді қалыптастыру мақсатында «Ұстазбын - үлгі болар басқаларға» үздік тәжірибелер форумы ұйымдастырылды.
Форумға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, шағын жинақты мектептер, ресурстық орталықтар және магниттік мектептердің мұғалімдері, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтері қатысты. Барлығы-200 педагог.
Үздік тәжірибелер форумы «Педагогикалық дебют» және «Әдістемелік дайджест» бөлімдері бойынша өткізілді.
«Педагогикалық дебют» бөлімінде үздік педагогтердің үздік тәжірибелері таныстырылды. «Әдістемелік дайджест» бөлімінде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» және «Шағын жинақты мектептер» бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру барысында тиімді әдіс-тәсілдері мен ұтымды идеялары ортаға салынды.
2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша Білім беруді дамыту орталығының «Құрмет грамотасы» бірқатар педагогтерге табысталды. Алғыс хат және статуэткалармен іс-тәжірибесімен бөліскен үздік педагогтер марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения