Меню KDT

ОБРАЗОВАННАЯ ШКОЛА

ШКОЛА БУДУЩЕГО

block2_eop.jpg?_=1461839393

Жаңалықтар

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ПЕДАГОГТЕРГЕ ЖАҢА СЕРПІЛІС БЕРДІ


✅Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 22-31 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы онкүндік жұмысын аяқтады.
✅Курс аясында тыңдаушылардың теориялық, психологиялық білімдері кеңейіп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясындағы кәсіби даярлықтары артты. Практикалық бағытта Орал қаласының №48 «Мұрагер», №49 «Ақниет», №35 «Шұғыла», №39 «Салтанат» бөбекжайлары өз тәжірибелерімен бөлісіп, педагогтерге кіріктірілген ұйымдастырылған іс әрекеттерін, танымдық, интеллектуалдық ойындарын, инновациялық, зияткерлік жобаларын, бақылау жұмыстарын, шеберлік сыныптарын, ата-аналарымен ынтымақтастық бағытындағы жұмыстарын көрсетті.
✅Курс соңында тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында жоба жұмыстары қорғалып, тест тапсырмалары орындалды.
👏Біліктілікті арттыру курсына облыс бойынша 100 педагог қатысты.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь