Меню KDT

Новости

Главная Новости

🔰«БАЛАЛЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН СӘТТЕРІ!» балалардың асфальтқа сурет салу сырттай байқауы

  
✅Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 22 мамыр мен 1 маусым аралығында «Балалықтың жарқын сәттері!» атты балалардың асфальтқа сурет салу сырттай байқауы өткізілді.
✅Байқаудың мақсаты: сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері мен көркемдік қиялын дамытып, балалардың көркем шығармашылығына ықпал ету. Байқау екі кезеңде өткізілді: аудандық (қалалық) және облыстық.
✅Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңіне 165 мектепке дейінгі ұйым 2015 тәрбиеленуші қатысып, облыстық кезеңіне 35 жұмыс жолданды.
✅Байқаудың қорытындысы бойынша номинациялары беріліп, жеңімпаздар Білім беруді дамыту орталығының Грамоталарымен марапатталады:
🏆«Үздік композиция» - Қазбек Мұхсина, Қаратөбе ауданы «Балдырған» бөбекжайының тәрбиеленушісі («Құлпыршы өмір-гүлім», «Сиқырлы орман перизаты»» жұмыстары үшін);
🏆«Үздік композиция» - Кайноллин Жандос, Орал қаласы №37 ЖОББМ мектепалды сыныбының тәрбиеленушісі («Мені қоршаған әлем» жұмысы үшін);
🏆«Ең жақсы көркемдік шешім» - «Жас суретшілер» командасы, Сырым ауданы «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушілері («Табиғаттың гүлденгені» жұмысы үшін);
🏆«Ең жақсы көркемдік шешім» - Хамза Еңлік, Теректі ауданы Подстепный ЖОББМ мектепалды сыныбының тәрбиеленушісі («Менің сүйікті әткеншегім» жұмысы үшін);
🏆«Ең тату команда» - «Айналайын» командасы, Бөкей Ордасы ауданы «Балдаурен» бөбекжайының тәрбиеленушілері («Жазғы табиғат» жұмысы үшін);
🏆«Ең тату команда» - «Веселые ребята» командасы, Бөрлі ауданы №4 «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиеленушілері («Әлем балалар көзімен» жұмысы үшін);
🏆«Ең тату команда» - «Ақбота» командасы, Орал қаласы №50 «Заңғар» бөбекжайының тәрбиеленушілері («Бақытты балалық шақ» жұмысы үшін);
🏆«Шығармашылық орындау» - Нұрым Сұлтанбек, Нұрлан Алпамыс, Жаңақала ауданы Пятимар ЖОББМ жанындағы шағын орталығының тәрбиеленушілері, («Балалар әлемі», «Көңілді жаңбыр» жұмыстары үшін);
🏆«Шығармашылық орындау» - Алмат Әли, Казталов ауданы «Нұрбалапан» бөбекжайының тәрбиеленушісі («Мен бақытты баламын» жұмысы үшін);
🏆«Шығармашылық орындау» - Буранкулова Аружан, Бөрлі ауданы «Арай» бөбекжайының тәрбиеленушісі («Анамның сүйікті гүлі» жұмысы үшін);
🏆«Ерекше ойлау» - «Балақайлар» командасы, Тасқала ауданы «Бөбек» бөбекжайының тәрбиеленушілері («Бақытты балалық шақ» жұмысы үшін);
🏆«Ерекше ойлау» - Серік Айнамкөз, Бөкейордасы ауданы «Ертөстік» бөбекжайының тәрбиеленушісі («Жазғы жаңбыр» жұмысы үшін);
🏆«Позитивті көзқарас» - «Балдырғандар» командасы, Тасқала ауданы Оян «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің тәрбиеленушілері («Біз бақытты баламыз» жұмысы үшін);
🏆«Позитивті көзқарас» - Марлен Аруназ, Рамазанова Ясмина, Төребай Сәбинұр, Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжайының тәрбиеленушілері («Күймедегі қыз», «Кемпірқосақ» жұмыстары үшін);
🏆«Позитивті көзқарас» - Кунакбаева Адина, Бәйтерек ауданы «Ақ бота» балабақшасының тәрбиеленушісі (Жаңбырдан кейінгі көңіл күй» жұмысы үшін);
🏆«Ойдың өзіндік ерекшелігі» - Амангельдиев Алихан, Ақжайық ауданы М.Әуезов ЖОББМ мектепалды сыныбының тәрбиеленушісі («Жарқын болашақ» жұмысы үшін);
🏆«Ойдың өзіндік ерекшелігі» - Құлмұрза Айзере, Бәйтерек ауданы Чувашка ЖОББМ мектепалды сыныбының тәрбиеленушісі («Туған өлкем ғажайып» жұмысы үшін);
🏆 «Ойдың өзіндік ерекшелігі» - Бауржан Бекжан, Нұрлан Әмина, Салық Ғазиза, Казталов ауданы «Балапан» бөбекжайының тәрбиеленушілері («Көңілді жаз» жұмысы үшін);
🏆«Көркемдік мәнерлілік» - Мұхтар Гүлсезім, Теректі ауданы «Өркен» бөбекжайының тәрбиеленушісі («Бала қиялы» жұмысы үшін);
🏆«Көркемдік мәнерлілік» - Сатканова Каусар, Орал қаласы №42 «Ақниет» гимназиясының мектепалды сыныбының тәрбиеленушісі («Мен суретші боламын» жұмысы үшін).

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено



Недостаточно полномочий
Недостаточно полномочий

Олимпиада

Описание олимпиады