Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ұлы Жеңіс сарбаздары» атты облыстық онлайн әскери-патриоттық әндер байқауы туралы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 6 мамыры күні 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында «Ұлы Жеңіс сарбаздары» атты облыстық онлайн әскери – патриоттық әндер байқауы оздырылады. Байқау техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты дәстүрлі ІҮ фестивалі бағдарламасының аясында өтеді  

Байқаудың мақсаттары:

- жас ұрпақтың бойында соғыс ардагерлеріне, Отан қорғаушылар бейнесіне, әскери дәстүрлерге және әскери қызметке деген құрметті қалыптастыру;

- қазақстандық авторлар мен композиторлардың әскери-патриоттық әндері арқылы қазақтың отансүйгіш, рухты, әскери әндерін кең көлемде насихаттау;

- білім алушылар арасында әскери-патриоттық әндерді насихаттау, ән арқылы тарихты дәріптеу;

- колледж білім алушылар арасындағы талантты жастарды анықтап, сахна өнеріне баулу.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено



Недостаточно полномочий
Недостаточно полномочий

Олимпиада

Описание олимпиады