Білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудағы көшбасшылық және басқару
Білім берудегі табыс формуласы: әдепке көбейтілген білім, ойлау мен көшбасшылық!
Майкл Барбер
Алдағы бастағалы отырған 2016-2017 оқу жылындағы орта білімнің жаңартылған мазмұнына көшу білімді қолдану, талдау, жинақтау және бағалай білуге көңіл бөледі. Дамыған мемлекеттер жаңартылған білім мазмұнына көшуді ХХ ғасырдың 80-жылдары бастаған. Елімізде жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеу және сынақтан өткізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ жаңартылған білім мазмұнын 1-сыныптан енгізуге дайын: 2016-2017 оқу жылындағы 1-сынып мұғалімдері А.Бахтыгереева, В.Имашева, А.Питинова, К. Тукенова Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсынан өтті. 1-сынып табалдырығын аттағалы отырған 82 оқушыға қажетті оқулықтар жеткізілді, таратылып берілді.
Қазақстандық білім беру жүйесін жаңарту кезеңінде табыстылықтың ортаңғы буыны мектепті басқарудағы жаңа тәсілдер ізденісі болып табылады. Қазіргі уақытта жұмыс істеу тұрғысынан басқару тәжірибесі тиімді болудан қалып барады. Бүгінде мектептің басқару үдерісін оның дамуы тұрғысынан қарастыру керек, өйткені дамушы мектеп жағдайында ғана жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға болады
Заманауи мектеп – бұл ашық ұйымдастырылған жүйе. Кез келген жүйе сияқты мектеп те біртұтастық, мақсатқа бағытталушылық, басқарылушылық, ашықтық, социуммен байланыс, өзін-өзі дамыту қабілеттілігі және т.б. қасиеттермен сипатталады. Осы ерекшеліктердің есебі – тиімді басқарудың маңызды шарты, сонымен бірге мектепті басқару тәжірибесінің негізгі қиындығы.
Заманауи мектепті тиімді басқару тәжірибесін үйрету мен жүзеге асыру үшін 2014 жылдан бері ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша бірінші (ілгері) деңгей курсы жүргізіледі. Бұл кезеңде Шыңғырлау ауданындағы 8 мектеп директоры бұл курс бойынша бірінші (ілгері) деңгей сертификатын иеленді. 5 мектеп басшысы курстың кезекті ұйымдастырылуын күтуде. Ал бастауыш мектеп директорлары бұл курспен қамтылмайды.
Мектептің дамуын басқарудың әлемдік практикасының үрдісі, шетелдік әріптестердің іс-тәжірибесі бүгінде мектептің барлық құрылымының нақты жұмыс жасауын ұйымдастыру жеткіліксіздігіне көз жеткізді. Мұғалімдер мен оқушылар қауымдастығын көрсететін заманауи мектеп шақырылымдар, талаптар мен күтілімдерге сәйкес болуы, тіпті уақыттан алға озуы мүмкін болуы, заманға сай мәдени құндылықтарды қалыптастыруға қатысуытиіс. Бұл ұжым мен оның басшылығы алдында мектептің инновациялық білім беру ортасын құру мақсатын қояды, бұнда әр мұғалім өз кәсіби позициясын белсендендіруге, өзінің оқыту тәжірибесін зерттеуге, оны жетілдіруге үшін жұмыс нәтижелерін талдауға дайын.Даму тәртібіндегі мектеп ұжымының жұмысын ұйымдастыру үшін басшы көшбасшылық қасиеттерге ие болуы тиіс.
Оқуғабағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылардың топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Бұндай көшбасшылық барлық жағдайларда қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату және дамытуға басымдық беру қажет. Біздің мектебімізде 90 мұғалім жұмыс жасайды оның ішінде бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша 4мұғалім, екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша 4мұғалім, үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша 18мұғалім сертикатталған. Бұл сапалық құрамның 23% құрайды. өткен оқу жылында мектеп ұжымында І деңгейлі мұғалім-тренерлер Эльмира Ибрагимовна Сапашева мен Умит Бахытжановна Утебаеваменжүргізілген «Әріптесті оқыту» бағдарламасы бойынша ІІІ (базалық) деңгей сертификатына 7 мұғалім иеленді. Алда бұл жұмыс өз жалғасын табады деген сенімдемін.
Дәлелді мақсатқа бағытталған топ табыстағы негіз болып табылады. Ұйымның барлық деңгейлері бойынша бөлінген көшбасшылық адамдарды шабыттандыруға және мектепті жетістіктер қуатымен толтыруға, табыс пен жақсы нәтижеге жан беруге қабілетті.
«Табысқа тек қана топ тәжірибесін пайдалануға тілек білдірген топтағы жұмыс тәжірбиесі бар ғана адамдар жетеді» ( ЭдвардЛоуло).
Қазіргі уақыттағы тиімді көшбасшылар тобын қалыптасырудағы маңызды кезең құндылықтарға бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігі мен нәтижелілігіне әсер ететін мектептің білім беру үдерісіне барлық субъектілерін тарту мәселесімен ерекшеленеді.
Бисенгалиева Г.Б.,
Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ директоры,
БҚО, Шыңғырлау ауданы
Посмотреть новость на сайте учреждения