4 маусым күні Приречный ЖОББ мектебінде «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға 1-4 сынып оқушылары қатысты. Мерекелік шараның ашылуы мемлекеттік ән ұранымызбен басталды.
Іс-шараға оқушылар белсене қатынасты, мұнда ән шырқалып, би биленді. Бүлдіршіндер рәміздер күніне байланысты өлең шумақтарын оқыды.
Концерт барысында оқушыларға ойын ойнатылып, викториналық сұрақтар қойылды.
Іс-шараның соңғы сөзі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ихсановаға берілді.