Информатикалык ойындар. Бұл ойындардың дидактикалық мақсаты – оқушылардың программалар мен құрылғылар жұмысын компьютердің жағдайына енуі арқылы компьютерлік білімін, іскерлігін және дағдысын дамыту. Қазіргі уақытта компьютерлік ойындардың түрлері көп. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, АҚШ – тың “Interactive Diqital Soltware Association” (IDSA) – нің мамандары үйінде компьютерлері бар 1500 американдық жанұяға сауалнама жүргізген. Нәтижесіне, американдықтардың 2/3 бөлігі компьютеерлік ойындарды бос уақытты өткізу үшін «өте керемет» деп бағалаған. Оның үстіне олар бұл ойындарды теледидарға қарағанда пайдалы деп есептеген. Сонымен ойынды қолданушыларға жүргізілген зерттеу барысына мұқият қарасақ мынадай қызықты жәйттерді айтуға болады.
Соңғы кезде қолданушылар үйіндегі компьютерлеріне әртүрлі мақсаттағы программаларға қарағанда ойындарды көбірек жазады. Ойын программалары жасына, мамандығынақарамай күннен – күнге адамдардың көп бөлігін өзіне тартуда. Мысалы, ойыншылардың ішінде 40% -і әйелдер, оның 43%- і 18- 35 жас аралығында және 19,7% - і 36 жастан үлкендер. Ойын түрлеріне қарай 1-ші орында «жүгіргіштер, атқыштар» ойыны; 2- ші орында «басқатырғыштар» оқыту бағдарламалары; 3- ші орында спрот және т.б. танымдық ойындарының орын алатыны байқалады.
Оқу үрдісінде жоғарыда аталған ойын түрлерін емес, сұхбаттық, оқу–рольді ойындарын қолданған тиімді. Бұл ойындар оқушының «өзінің» және «басқаның» әрекетін бақылап, берілгендерді талдау қабілетін дамытумен бірге, пәнге деген қызығушылығын арттырады, ынтымақтастық жағдайында жұмыла жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл кезде оқушы басты рольді «өзі» ойнайды немесе «басқа» оқушының ойынын бақылайды. Ойын барысындағы рольдерінің ауысуы ұжымдағы жеке оқушылардың қарым – қатынасына оң әсерін тигізеді. Бұл кезде мұғалімнің қызметі ең қиын рольді өзі орындауы немесе олардың дұрыс орындалуын бақылауы кезінде көрініс табады.
Сондай – ақ оқушылар а) ойынның ережелер мен мақсатын ауызша, сөзбен түсіндіру; ә) сыныптағы оқушылардың рольдік әрекеттерін бақылау; б) рольдік ойындарды орындауға иәрекет жасау арқылыы өзіндік ой қорыта алады өз пікірін тұжырымдап айтуға үйренеді.
Ойын барысында қалыптасқан білім практикалық түрде игеріледі және ойын нәтижесі алдын – ала белгілі болып, оқушылардың өзіндік бағыт алуына көмектеседі.
Оқушылардың белсенділігі олардың ойынға қызығу деңгейіне байланысты байқалады. Бұл кезде «актерлердің» рольдерді дұрыс орындауын байқап отыру «көрермендердің» жоғары белсенділікті талап етеді. Көбінесе, мұндай ойындарға оқушылар толық қатысады.
"Ойын" сөзін өз мағынасында қолдансақ, кейбір адамдарға ол ермек сияқты көрінеді. Шын мәнінде дүниетанымдық, білімділік мәні бар, білім жарысындағы ойындар шығамашылық әрекетті талап етеді. Окушыларға білім мен тәрбие берудегі ойынның ролі мен маңызын педагогтар жоғары бағалайды. Балалар үшін ойын -өмір, еңбек жөне озара бір-бірімен араласу қүралы. Ойын әрбір пәннің тәрбие жұмысындағы ерекше білім бөлігі болуға тиіс, сонымен қатар онда көпшілік қатысатын ойындарға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Мысалы, қисынды ой-қабілетін дамытады; өздігінен жұмыс істеуге үйренеді; сөздік қоры баийды, тілі дамиды; зейіні қалыптасады; байқампаздығы артады; өзара сыйластыққа үйретеді; ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды; бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды; сабаққа қызығушылығы артады.
Оқушылардың бос уақытын мазмұнды етіп пайдалануға танымдық ойындарды таңдап алудың мәні өте зор. Танымдык, ойындар сабақта және сабақтан тыс көпшілік оқушылар қатысатын жұмыстардың бір түрі. Танымдық ойындарды оқушылар кызығатындай етіп насихаттау керек. Сонда ғана мұндай ойындар оқушылардың белсенді іс-әрекетіне айналып, дүниені танып білу құралы бола алады. Танымдық ойындардың маңызы кейде басқарушыға тікелей байланысты. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойындар танымдық іс-әрекет сипатына қарай келесідей түрлерге бөлінеді:
Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
Қимыл ойындары– балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын белгілейді. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.
Рөлдік ойындармектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті-рөлді ойындар – бейнелеу құралы, рөл мен ойын – бейнелеу әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөлді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс
Қойылымдық ойындардарөлдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөлді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой-қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар– балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрылыстар салады.
Дидактикалық ойындарбалаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындарды айналамен танысу сабағында, әдебиет сабақтарында жиі қолданады.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде, кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналаны танып, білу тәсілі.
Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланып отырылса пайдалы болады.
Информатикалық ойын-есептердің түрлері:
Суретті есептер. Суретті есептерге ерекше түрде жасалған қандай да бір объектінің суреті немесе сызбасы жатады. Суретті есептерді құрастырғанда объектінің оқушылар неғұрлым жиі бақылайтын тұсын, жұмбақталатын объектіге сәйкес тақырыпты анықтау қажет.
Логикалық мини-есептер. Мұндай есептерге көлемі кіші есептер жатады: әдетте олар бір сөйлемнен тұрады, оларды ауызша сұрақ қою немесе материалды бекіту бөлімінде стандартты есептер мен сұрақтар ретінде қолданған дұрыс. Сұрақ қойылғаннан кейін оқушы оның типін анықтап, жауапты қалыптастырып және оны жинақтау етуі керек.
Мысалы:
қызмет етеді?
Логикалық есептер. Логикалық есептер – дәлелденген ой-пікірлер айта білу, талдау қабілетін талап ететін есептер. Мысалы:
бірақ ол жалған болып шықты. Макида қандай пікір айтты?
Әзіл есептер. Кей жағдайларда сұрақтарға берілетін жауаптардың өзі әзіл түрінде болып келеді, мұндай есептерді ауызша сұрақ қою немесе материалды бекіту бөлімінде стандартты есептер мен сұрақтар ретінде қолданған дұрыс. Мысалы:
тен бірақ үлкен. Негізінде олар бесеу болған жоқ, ал қазір нақты үшеу емес. Олар қалай аталады?
жүйелік бөлікте ме?
Лингвистикалық есептер. Лингвистикалық есептер тексеру үшін қолданылатын жаттығулар мен есептерден анағұрлым айырмашылғы бар есептердің айрықша түрі.
Мұндай есептерді шешуге қажетті мағлұмат есептің шартында көрсетіледі және шешушіден ешқандай білім немесе арнайы дайындық талап етілмейді. Осылайша, мұндай есептер шығармашылықтың көптеген элементтерін қарапайым түрде модельдеу арқылы оқу мәселесінің принципін кеңейтеді.
Мысалы:
«Ныбауаж ыштйа!». Бұл қандай тіл?
қалау, қалайы, машина (бағдарламалау).
Бетперделі сұрақтар. Мұндай сұрақтарға жауаптарды тек материалды меңгерудің белгілі бір анықталған дәрежесінде беруге болады. Әдетте мұндай сұрақтар қысқаша түрде болады және оларда жалған сілтемелер болады, жауапты табу үшін қосымша ақпараттар қажет болады немесе сұрақтардағы сөздер дұрыс қолданылмайды, оқушы біліп, дұрыс жауап бере алатындай сұрақтарда әзілдер де кездеседі. Мысалы:
Шарты толық берілмеген есептер. Мұндай есептерде оны шешуге қажетті берілгендер жиынтығы қарастырылған, бірақ берілгендердің біршама бөлігі есепті шешушіден жасырылған. Осы типтес есептерді өтілген материалды қайталау сабақтарында қолданған тиімді. Мысалы:
«Мен университетті туылғаннан соң 44 жылдан кейін бітірдім. Бір жылдан соң, мен 34 жастағы қызға үйлендім. Бар жоғы 11 жасты құрайтын жас айырмашылығымыз біздің тату-тәтті өмір сүруімізге ықпал етті. Біршама уақыттан соң менің жанұямда 10 бала болды. Мен айына 200 теңге жалақы алып тұрдым, бірақ жалақымның бестен бірі бөлігін қарындасыма беріп тұратындықтан, біз айына 130 теңгеге өмір сүрдік».
Бұл үзіндінің сандарындағы қарама-қарсылықтарды қалай түсіндіруге болады?
1001-де. Үлкені 1001-сыныпта оқиды. Осылай болуы мүмкін бе?
Посмотреть новость на сайте учреждения