"Мектепке жол" акция
"Мектепке жол" акциясы аясында Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінде көмек қолын созу мақсатында "АксайГазСервис" АҚ президенті Т.И.Шектыбаевтың демеушілік қолдауымен және акционерлік қоғамның әкімшілік шаруашылық қызметінің басшысы У.С.Кабиев пен қоғамдық келісімнің төрағасының орынбасары С.В.Пустобаевтың ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж 8 отбасы балаларына мектеп формалары мен аяқ киімдер табыс етілді. Аталмыш акция барысында Бөрлі ауылы әкімшілігі тарапынан 8 аз қамтылған көп балалы отбасы балаларына мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамассыз етілсе, Бөрлі орман шаруашылығы -3, Ауыл шаруашылық колледжі-3 және Бөрлі аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық мекемесі тарапынан- 2 аз қамтылған отбасы балаларына оқу құралдары берілді. Барлығы 24 оқушы көмек алды. Ата-аналар демеушілерге балаларына көрсетілген көмекке үлкен алғыстарын білдірді. Аталмыш шарада мектеп директоры И.Т.Сатимов акция атсалысқан демеушілерге мектеп атынан шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии