"Мектепке жол" акциясы - 2016
Аз камтылған отбасы, көп балалы отбасы балаларының құжаттары жинақталып, жаңартылуда. Мектепке бекітілген шағын аудан көшелерінде «аула аралау» рейдтері жүргізіліп, 0-18 жас аралығындағы балалардың тізімі жасақталуда. Акция аясында әлеуметтік жағыннан қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсету жалғасуда. Тамыз айының алғашқы күндерінен: бастап ұйымдастырылған қайырымдылық шараларында аудан кәсіпкерлері: Сарсенгалиева Ақтотының, Тастанова Гүлжайнаның, Утешова Анардың, Сатанова Сайраның демеушілігімен 49 балаға мектепке киетін киім кешектер мен аяқ киімдер түрінде 185000 теңгенің көмегін көрсетті. Мектебіздің тұракты демеушілерінің бірі жеке кәсіпкері Кауденова Гүлфия- 72000 теңгеге балаларга киім-кешекпен мектепке үстайтын рюкзактар сыйға тартты. Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімі көп балалы Төлеуовтар отбасының 2 баласына мектеп формасын алуға көмектессе, аудандық ветеринариялық станция үжымы 3 оқушыны , аудандық «Шүғыла» газетінің үжымы 3 оқушыны мектепке қажетті оқу қүралдарымен қамтамасыз етті. Жеке кәсіпкер Уалиев Жандос -20000 теңгеге бір оқушыны (Жанзаков Роман) толық мектеп формасымен камтыды. Бұл игі шараға ауданымыздың мекемелеріде белсене атсалысуда. Атап айтар болсақ, мектебіміздің көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға аудандық салық комитеті бір оқушыға (Рыскалиева Альбина), аудандық қаржы бөлімі бір оқушыга (Бекетаев Жарас), аудандық қазнашылық бөлімі бір оқушыға (Ажығалиева Дильназ), аудандық «Казпочта» филиалы бір оқушыға (Макашев Ерболсын) қүны 15000 теңге тұратын бірыңғай мектеп формасын алуга қол ұшын созды. Аудан әкім аппарты 4 оқушыға, аудандық «Балдәурен» балабақшасы 5 оқушыны, Жәнібек ауылдық әкім аппараты 10 оқушыға, «Жәнібек» колледжі 4 оқушыға оқу құралдары салынғіан рюкзактарды сыйға берді. Аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі 1 оқушыға ( Кубаев Бекзат) толық мектеп формасы мен мектепке киетін аяқ киім, оқу қүралдары салынған рюкзак алып берді. Акция басталғалы 102 балаға 468000 теңгенің көмегі көрсетілді.
2016 жыл, тамыз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии