Бүгін мектебімізде «Білім бәсекесіне қабілетті тұлғаға бағытталған оқыту негізінде педагог кадрлардың шеберлігі мен құзырлылығын үздіксіз жетілдіру» тақырыбында педагогтердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы оздырылды. Бұл ғылыми-тәжірибелік конференция бағдарламасы келесі бағыттар бойынша 4 секция жұмысын қамтыды: 1. Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері. 2. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану-математикалық пәндерінің оқыту әдістемесі: оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары. 3. Қоғамдық-гуманитарлық пәндерінің оқыту әдістемесі: көптілділік – полимәдениетті тұлға қалыптастыру негізі. 4. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың өнертану мәдениетін дамыту, салауатты өмірге тәрбиелеу әдістері. Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.